Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ЖОБА

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

тұжырымдама

1. Заң жобасының атауы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі–заң жобасы).

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №52-14.191 тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 08 қаңтардағы №1ө/22 өкімімен жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерін қолдану практикасын мониторингілеу және қорыту мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - ВАЖТ) құрылды.

ВАЖТ жұмысының шеңберінде Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге (бұдан әрі – ҚК, ҚПК) және басқа да кодекстер мен заңдарға қылмыстық-құқықтық саясатты одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ ҚК мен ҚПК-дегі ішкі қайшылықтар мен олқылықтарды жоюға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірленді.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі осы түзетулер бойынша дербес заң жобасын әзірлеуді келісті (2016 жылғы 23 шілдедегі №363-2).

ҚК бойынша

Жаңа қылмыстық заңның репрессивтілігін төмендету және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кеңінен қолдану, түрме адамдарының индексін азайтуға оң әсер етті.

Санкцияларды азайту және жазалаудың балама түрлерін енгізу 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының (бұдан әрі -Тұжырымдама) талаптарын іске асыру болып табылады.

Тұжырымдаманың 2.8-тармағы:

- санкциялардағы жазалардың ҚК баптарында ауырлығы бір санаттағы қылмыстарға мөлшерлестігін және олардың әділ жазалау қағидатына сәйкестігін белгілеуді;

- бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазалауды қолдану саласын кеңейтуді, оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды жекелеген санкциялардан алып тастауды не бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін азайтуды;

- айыппұл салуды қылмыстық жазалаудың тиімді түрі ретінде айқындауды және оны қолдануын кеңейту мүмкіндігін көздейді. 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ҚСК) Бас прокуратураның және өзге мүдделі мемлекеттік органдардың қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендірудің мүмкіндігі мен мақсатқа сай болуы туралы ұсыныстарын қолдады (2015 жылғы 08 желтоқсандағы хаттаманың 6-тармағы). Сонымен бірге ҚСК қылмыс үшін айыппұлдың ең төменгі және тиісінше қылмыстық теріс қылықтары үшін айыппұлдың ең жоғары мөлшерінің шегін төмендету туралы, айыппұл төлеу мерзімін арттыру туралы, оны белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде айыппұл төлеу түріндегі жазаны тек соттың шешімімен ауыстыру туралы ұсыныстарды қолдады (2017 жылғы 07 сәуірдегі хаттаманың 4-тармағы).

Айыппұлдарды орындау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың бірі ретінде оларды төлеу мерзімдерін ұлғайту қажет (ЭЫДҰ елдерінде бөліп төлеу 2 жылға дейін беріледі, Ресейде – 5 жылға дейін).

Айыппұл және басқа да жазалар бойынша аталған бастамалар Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге жарамдылығы» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауына сәйкес келеді.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдіктерін нығайту, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігі туралы көрсетілген.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 93-тармағына сәйкес азаматтарды қылмыстық процесте, оның ішінде негізсіз қылмыстық қудалау мен соттаудан қорғау деңгейін жоғарылатуға, құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейтуге, дәлелдеу стандарттарын енгізуге, қылмыстық процестің артық репрессивтілігін төмендетуге және оны ізгілендіруге, оның ішінде қамақта күзетпен ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын қолдану саласын кеңейтуге, қылмыстық қудалау саласында құқық қорғау стандарттарын енгізуге және нығайтуға, қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, бас бостандығынан айыруға балама шаралар қолдану саласын олардың орындалу тиімділігін арттыра отырып кеңейтуге, қылмыстық процесте сотқа дейінгі кезеңде және сот талқылауы кезеңінде медиацияны қолдану саласын кеңейтуге бағытталған заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу Айыппұлдарды орындау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың бірі ретінде оларды төлеу мерзімдерін ұлғайту қажеттігі белгіленген.

Қылмыстық заңнаманың репрессивтілігін төмендету туралы бастаманы Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 24 ақпандағы және 2018 жылғы 22 ақпандағы отырыстарында қаралды және қарау нәтижелері бойынша мақұлданды.

ҚК нормаларын қолдану тәртібі қылмыстық заңнаманы, үлкен қоғамдық кәуіп келтірмейін қылмыстарды одан әрі ізгілендіру үшін қосымша қордың бар екенін растайды. Жекелеген қылмыстардың сипаттамасы азаматтарды қоғамнан оқшаулауды талап етпейді. Мысалы, Еуропа елдерінің көбінде түрмелерде негізінен айналадағылар мен қоғам үшін кәуіп төндіретін адамдар (экстремисттер, террористтер, адам өлтірушілер, бандиттер, қарақшылар, тонаушылар және т.б.), оның ішінде кәсіби криминалитет  ұсталады. Қалғандары кепілді, айыппұлды және зиянды өтегеннен кейін бостандыққа шығарылады.

Жаңа ҚК-да сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін еселік айыппұлдарды төлеуді енгізу елеулі нәтиже берді.

2015 жыл ішінде сот тағайындаған еселік айыппұлдардын (ҚК-нің 366, 367, 368-баптары) сомасы 3,5 миллиардтан аса теңгені, 2016 жыл ішінде -9 млрд теңгені, 2017 жылы – 2,5 миллиардтан аса теңгені құрады.  Олардың үш жыл ішінде әрекет етуі нәтижесінде орындалған айыппұлдардың сомасы 3 миллиард теңгені құрады. 

Еселік айыппұлдар институты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі Заңмен кеңейтілді және енді олар ҚК-нің 253-бабында (Параға коммерциялық сатып алу) және 307-бабында (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген.

ҚК-нің 189-бабында (Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу) және 190-бабында (Алаяқтық) көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жекелеген құрамдары бойынша еселік айыппұлдарды қолдануды кеңейту үшін қорлар бар.

Заңсыз аң аулау ұғымын ашу үшін ҚК-нің тиісті бабынла атыс немесе өзге де аңшы қаруын, итті, аңшылық құсты, атты, көлік арбаны қолдана отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты көздеу қажет. Осындай толықтыруларды енгізу баптың диспозициясын «Жанурлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның нормаларына және аң аулау ережелеріне сәйкес келтіру қажеттігінен туындап отыр.

Стамбул іс-әрекеттер жоспарын мониторингілеудің екінші раундының нәтижелері бойынша қорытынды есепте Қазақстанға мыналар ұсынылды: «қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шынайы өкіну  әрекетті өкіну туралы ережелерді қолдануға талдау жасау және қажет болған жағдайда, жауаптылықтан негізсіз жалтару мүмкіндігін болдырмайтындай өзгерістер енгізу». Аталған ұсыным орындалмады және күшінде қалуда.

ҚК-нің 65-бабының ережелері барлық қылмыстарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына да таралады.

ҚК-нің 65-бабының нормасы көп жағдайда күрделі, ауыр және аса ауыр, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуда тергеуге көмектесетінімен түсіндіріледі. Алайда тиісті ережелер тиісінше пайдалануы мүмкін, оның ішінде егер оларға тым кеңінен тұжырымдалса, жауаптылықтан жалтару үшін де пайдалануы мүмкін.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігіне тыйым салуды көздеу қажет.

Ұлттық заңнаманы Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарының ұсынымдарына сәйкес келтіру мақсатында алқабилерді жемқорлыққа қарсы заңнама таралатын адамдардың тізбесіне қосу керек, бұл ҚК 3-бабының 28-тармағына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына толықтырулар енгізуді талап етеді.

Сонымен бірге заңдар қайшылығын жоққа шығару мақсатында ҚК-нің 3-бабының ұғымдық аппаратында қамтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізімін кеңейту қажет, өйткені сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілері аса ірі мөлшерде жасаған бірқатар құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық қылмыстары ретінде ескерілмейді. Тиісінше, олар бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір  бойына айыру сияқты  қылмыстық-құқықтық зардаптарға әкеп соқпайды.

Бұдан басқа осы құрамдар «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы»     Қазақстан Республикасы БП ҚСжАЕК №3-К есебінде статистикалық мәліметтерді қалыптастыру кезінде көрсетілмейді.

Қылмыстық және әкімшілік заңнамаларының нормаларында 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның тағылық жасағаны үшін жауаптылыққа тарту бөлігінде қайшылықтар орын алуда.

14 жасқа жеткен кәмелетке толмаған тағылық актісін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады (ҚК-нің 294-бабы), ал оны ата-аналарына әкімшілік айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 448-бабы).  ҚК мен ӘҚБтК ережелерінің арасында көзге көрінетін келіспеушілік байқалады.

Тағылық жасау ол қылмыстық теріс қылық болып табылатынын ескере отырып, ҚК-нің 15-бабының 2-бөлігінде (14 жастан басталатын қылмыстық жауаптылық көзделген баптардың тізбесі) ҚК-нің 294-бабына сілтемені алып тастау қажет.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу тетігі мен тәртібін жетілдіру қажет, себебі тәжірибеде Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған шетелдіктерді шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатумен, сондай-ақ бас бостандығымен айырумен байланысты емес жаза тағайындалған аталған санаттағы адамдарды олар тиесілі елге тапсыру мәселелері реттелмеген.

Кәмелетке толмағандарға қарсы құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды одан әрі күшейту мақсатында қылмыстар тізбесін нақтылау қажет және осы қылмыстар жасалған жағдайда педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салу қажет. Осыған ұқсас ережелерді Еңбек кодексінде де ескеру қажет.

Жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында «Ұрлық»  188-бабындағы, «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету» 189-бабындағы және «Алаяқтық» 190-бабындаңы «бірнеше рет жасаудың» саралау белгісін ауыр қылмыстар санатына ауыстыру керек. Бір мезгілде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға балама ретінде бас бостандығын шектеу балама жаза түрін енгізу қажет.

ҚК-нің «Жалған кәсіпкерлік» 215-бабын декриминализациялауға байланысты ҚҚ-нің 216-бабының (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) редакциясын қайта қарау қажет.  ҚК-нің 216-бабының диспозициясы шот-фактураны жазғаны үшін ғана жауаптылық көзделген, осыған байланысты жалған шот-фактураларды және басқа да бастапқы есепке алу құжаттарын іске асырғаны, пайдаланғаны үшін жауаптылықты көздеу қажет. Тәжірибеде ақшаның контрагенттен аванс ретінде, яғни шот-фактурасыз түскен жағдайлар орын алуда, осыған байланысты өзге де бастапқы есепке алу құжаттарын жазғаны жауаптылықты көздеу қажет. Қолданыстағы редакцияда бір шот-фактураны жазу белгіленген. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, ол іс жүзінде бір ғана шот-фактурамен шектелмейді. Сондықтан норманы сөзбе-сөз түсінуге жол бермеу мақсатында «шот-фактуралар» ұғымын көптік жалғауда пайдалану заңды болады. Тәжірибеде бастапқы есепке алу құажттарын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адамдар жазады, осыған орай баптан «жеке кәсіпкерлік субъектісі» деген сөздерді алып тастау қажет, ол жалған мәмілелерді жасауды жосықсыз кәсіпкерлер тарапынан ғана емес, жалған кәсіпкерліктің адамның өзіне тіркелген жағдайларда да олардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге «жалған шот-фактураны және өзге де бастапқы құжаттың» ұғымына түсінік беру қажет.

Тәжірибеде бастапқы есепке алу құжаттарын кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын адамдар жазады, осыған байланысты «жеке кәсіпкерлік субъектісі» сөзін алып тастау қажет.

ҚК-нің «Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау» 235-бабын валюталық реттеу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру қажет. ҚК-нің 235-бабының редакциясы ұйым басшысының немесе кәсіпкердің қаражатты ұлттық және шетелдік валютада қайтармағаны үшін жауаптылықты көздейді, яғни бұл норманы сөзбе-сөз анықтамасы Қазақстан Республикасының уәкілетті банкінің шоттарына міндетті түрде аударуға жататын ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелге аударуды және оларды кейіннен қайтаруды білдіреді. Аталған баптың нормасының әртүрлі түсіндіруі бар, өйткені импорт операциялары болған кезде, резидент емес шарт талаптарын орындамаған жағдайда, қазақстандық тарап (резидент) шетелге аударған ақшалай қаражат қайтарылуға жатады. Бұл жағдайда резиденттің іс-әрекеттері ҚК-нің 235-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сонымен бірге шетелге ақшалай қаражатты емес, Қазақстаннан экспортталатын тауарды шығарып, кейіннен ол үшін төлем төленбеген  кезінде жүргізілетін экспорттық операциялар белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады. Осыған байланысты баптың редакциясында импорттық және эскпорттық валюталық операцияларды қамтитын «қайтармау» деген ұғымын қолдану қажет. Сыртқы экономикалық валюталық операциялардың шетел валютасында жүргізілетінін ескере отырып, валюталық операцияларды жүзеге асыру күніне сомасы үш мың АҚШ долларына балама болатын зиянды белгілеу қажет. Сонымен бірге ақшалай қаражат уәкілетті банктегі шотта қайтарылған жағдайда, адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін көздеу қажет.

Ішкі істер органдарының тәжірибесінде туындаған проблемалық мәселерге байланысты ҚК-ның 386-бабы мен ӘҚБтК-нің 590-бабы арасындағы қайшылықтарды жою қажет. ҚК-тағы 386-бабының 1-бөлігінде көрінеу қолдан жасалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдаланғаны үшін жауапкершілік көзделеді. Сонымен қатар көлік құралында көрінеу қолдан жасалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгісін орнатқаны, сондай-ақ осындай нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілік ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктерінде көзделген. Яғни, көрінеу қолдан жасалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдаланумен байланысты іс-әрекеттер бір мезгілде ҚК мен ӘҚБтК-нің әрекетіне түседі.

ҚПК бойынша

Қылмыстық процеске жаңа институттарды енгізу қылмыстық сот ісін жүргізуге оңайлатуға және тездетуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау тиімділігін арттыруға ықпал етті, ол оларды одан әрі жетілдіруге негіз береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша белгілі бір шаралар қабылданды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 31 қазандағы Заңмен сот төрелігінің бессатылы жүйесінен үшсатылы деңгейге көшу болды, қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке қарап-тексеруді санкциялауды санкциялау бойынша соттың өкілеттіктері кеңейтілді, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны, азаматтық талап арызды электрондық құжат түрінде беру құқығы берілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 3 шілдедегі Заңмен тергеушінің прокурордың шешімдеріне шағымдану құқығы кеңейтілді, прокурордың азаптаулар туралы және сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді тергеу құқығы бекітілді, тергеу судьясының қамақта күзетпен ұстауды санкциялау бойынша мәселені шешкен кезде күдіктің негізділігін тексеру бойынша өкілеттіктері кеңейтілді, қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді жылдамдатылған іс жүргізу істерінің аналогиясы бойынша тергеу рәсімі оңайлатылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Заңмен (Мемлекет басшысының бастамалары шеңберінде Парламентке енгізілген) ұстау мерзімдері 48 сағатқа дейін қысқартылды, ал кәмелетке толмағандарға қатысты ұстау мерзімдері 24 сағатқа дейін қысқартылды, сотқа кепілді, куәландыруды, үлгілер алуды және жасырын тергеу амалдарын санкциялау мәселелері берілді, адвокаттың құқықтары кеңейтілді, процестік рәсімдердің қатары оңайлатылды және оның сайыскерлігі жоғарылатылды, бұйрықтық іс жүргізу институты енгізілді, қылмыстық процесті электрондық формата жүргізу мүмкіндігі көзделген.

ВАЖТ сонымен бірге азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу» ҚК-нің 152-бабының 3-бөлігін жариялы айыптау істерінің санатына көшіруді ұсынады, себебі тәжірибеде азаматтар жұмыс берушінің ақшаны өзге мақсатта пайдалану фактісін өз бетінше анықтай алмайды, сондықтан аталған бап «жұмыс істемейді».

Қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін төлемдерді өндіру туралы соттардың қаулыларын орындау мәселелері Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі. ҚПК-нің 40-бабының 5-бөлігінде осындай қаулыларды Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес орындау туралы сілтемені түзету қажет.

  Процестік шешімдерді қабылдау тәртібін оңайлату және қылмыстық қудалау органдарының тергеу бөліністеріне жүктемені төмендету мақсатында анықтаушыға алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін өткізгеннен кейін қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығын анықтаған кезде қылмыстық істі тоқтату құқығын бекіту қажет.

Жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан адамның міндетін көздеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян келтіргені туралы куәландыратын жеткілікті деректерді анықтау сәтінен бастап адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулыны дереу шығару қажет.

Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын орындау шеңберінде қылмыстық процестегі жәбірленуші ретінде шетел мемлекеті де танылуы мүмкін.

Қорғалуға құқығы бар куәға, ол айғақтар беруден жалтарған жағдайда, ақшалай өндіруді салу мүмкіндігін алып тастау қажет, себебі ол куәға қарағанда айғақтар беруден бас тартуға құқылы. Қорғалуға құқығы бар куәнің процестік мәртебесі куәдан айырмашылығы бар, себебі куә оны сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті мәртебесіне аудару үшін жеткілікті негіздер болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде оған қатысты арыздар мен хабарламалардан қорғануы қажет. 

Құқықтары мен мүдделері тергеу судьясының шешімімен қозғалатын үшінші адамдардың құқығын оларға тиісті шағым беру құқығын бере арқылы оларды кеңейту қажеттілігі байқалады.

Қылмыстық процеске тартылатын азаматтардың құқықтарын сақтауды және оны практикада процестік қолдану тиімділігін қамтамасыз ету позициясынан бастап, ҚПК-нің 129-бабының (Жеткізу) нормасын одан әлі жетілдіру қажет етіледі. Осыған байланысты 3 сағаттық жеткізу мерзімі есептелетін сәттен бастап кезеңді анықтау, сондай-ақ процестік мәжбүрлеудің аталған шарасын қолдану тәртібін белгілеу қажет.

Тәжірибеде кепіл институты оң жағынан көрсетті, ол оны одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Кепілді қолданудың қосымша мақсаты ретінде күдіктінің, айыпталушының жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу үшін қолдануды анықтау қажет.

1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясынан шығатын міндеттемелерді орындау және қамаққа алу және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған және санкцияланған шетел азаматтарының құқықтарын қорғауды күшейту үшін дипломатиялық өкілдіктерге, елшіліктерге хабарлау және олардың осы адамдарға бару мәселелерін регламенттеу қажет. Аталған ережелер «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңға Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шетелдіктерге бару тәртібін белгілеу бойынша құзыретін белгілеу және ӘҚБтК-ге әкімшілік ұстауды жүзеге асырған кезде осы мемлекеттің елшілігіне, консулдығына және өзге де өкілдігіне хабарлау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Тергеу судьясының процеске басқа да қатысушылары қылмыстық істі зерделеу кезеңінде күдіктіні ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатын санкциялауымен байланысты олқылықты жою қажет, себебі ҚПК-нің нормалары тек күдікті мен оның қорғаушысы іспен танысқан кезде ғана ұзарту рәсімін көздейді.  

ҚПК лауазымнан шеттелген күдіктіге, айыпталушыға мемлекеттік жәрдемақы төлемі ретінде кемінде бір ең төмен жалақы мөлшерінде әлеуметтік кепілді көздейді, алайда заннамамен оны төлеу регламенттелмеген. Осыған байланысты, осындай мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібін белгілеуге Республика Үкіметінің құзыретін көздеу қажет.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін есептеумен байланысты мәселелерді регламентациялау мақсатында тергеу мерзімдеріне тергеу реттілігі мен аумақтығы бойынша қылмыстық істерді беру кезіндегі уақыт кірмейтінін бекіту қажет.

Тергеуші мен прокурорға жүктемені төмендету және тергеу мерзімдерін ұзарту туралы артық шешімдерді болдырмау мақсатында прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін, сондай-ақ үзілген мерзімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға адам қайта жаңғыртқан кезде бір ай деп беліглеу қажет.

Заттай дәлелдемелерді сақтауға біршама материалдық шығындарды қысқарту үшін, атап айтқанда, экономикалық контрабанда туралы істер бойынша, оларды сақтаудың алты айлық мерзімі алып тасталсын, себебі ҚПК-нің 118-бабының 3-бөлігінің ережелеріне сәйкес контрабанда заттары мемлекет кірісіне тәркілеуге жатады. Көрсетілген шаралар сақтау бойынша біршама қаржы шығындарын болдырмауға, сондай-ақ заттай дәлелдемелердің бұзылуын не жоғалу фактісін төмендетуге мүмкіндік береді.

ҚПК-нің 122 және 260-баптарының екінші бөліктерінде қылмыстық қудалау органдары тексеру, ревизиялауды тағайындау рәсімінде қайшылықтарды жою және уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер, ревизиялау талаптары туралы хабарлама прокурорға жолдауды белгілеу қажет.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған өтініштер бойынша адамдарды немесе ұйымдарды, егер олар жәбірленуші болып табылмаса сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлау міндеті алып тасталсын.

Бірінші инстанция соты үкімінің күшін жою үшін негіз ретінде үкімде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгенмен қатар жазалаудың біршама қатаң түрін тағайындау дәлелдері көрсетілмеген жағдайларды көздеу қажет. Осы түзету соттарға жазалауды тағайындау мәселелеріне жан-жақты және объективті қарауға мүмкіндік береді. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейту мақсатында прокурордың құқығын үкімге ғана емес, соттардың қаулысыгна да апелляциялық өтінішхат беруге бекіту қажет.

Қаулының енгізу және бұрыштамалы бөліктерін жариялауға соттардың міндеттерін сақтай отырып, соттың апелляциялық инстанцияның қаулысының толық мәтінін жариялау қажеттілігін болдырмау арқылы оны жариялау тәртібін оңтайландыру және істі қарау күнінен бастап он тәулік ішінде толық мәтінді мекенжайларға жолдау қажет.

Кәмелетке толмағандарға қатысты егер осындай адамдарға қатысты өзге де бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі жойылған кезде ерекше жағдайларда орта ауыр қылмыстар бойынша күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігімен байланысты түзетулер енгізу туралы мәселені қарау қажет.

Процестік келісім жасалған қылмыстық істерді тергеу мерзімдерін нақтылау қажет және сотқа дейінгі тергеп тексерудің жалпы мерзімдері шегінде тергеуді аяқтау қажеттілігін белгілеу қажет, бірақ ҚПК-нің 614-бабының бірінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген мерзімдер процестік келісім жасалған сәттен бастап есептеледі.

Азаматтық талап-арыз мөлшерімен келіспеген кезде соттың прокурорға істі қайтаруға құқығын алып тастау қажет, себебі бұл мәмілені жасағаннан кейін залалдың орнын толтыру туралы жәбірленушінің өзінің талаптарын  өзгертуге тыйым салуды көздейтін ҚПК-нің 614-бабының 1-бөлігі 3) тармағының талаптарына қайшы келеді.

Бас Прокурор мен оның орынбасарларының Бас прокуратураның қадағалауындағы істер бойынша күдіктілермен, айыпталушылармен, сотталғандармен ынтымақтастық туралы процестік шешім жасауға құққытарын нақтылау қажеттілігі көрсетіледі.

Біруақытта прокурордың күдіктімен, айыпталушымен, сотталғанмен ынтымақтастық туралы процестік шешім қабылдау туралы өтінішхатты қарау мерзімдерін белгілеу қажет, себебі олар қолданыстағы ҚПК белгіленбеген.

Анықтаушының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын келісу бойынша анықтау органы бастығының уәкілеттігін белгілеумен байланысты техникалық олқылықты жою қажет, себебі анықтаушы процестік дербес адам болып табылмайды.

Бірыңғай терминологияға келтіру мақсатында ҚПК-нің барлық мәтіні бойынша «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтау» деген ұғымды «қылмыстық істі тоқтату» деген ұғымға ауыстыру қажет.

Басқа да заңдар

ҚК нормаларының талаптарына басқа да заңнамалық актілердің нормаларын сәйкес келтіруге жатады.

Еңбек кодексінде педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмысқа байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салу белгіленуі тиіс қылмыстарды жасау кезіндегі қылмыстар тізбесін нақтылау қажет.

Айыппұл түрінде жазаны орындау туралы қылмыстық кодексінің ережелерін регламенттеу мақсатында Қылмыстық-процестік кодекске тиісті түзетулер енгізу қажет.

ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігі бірінші рет ауыр қылмыс жасаған кезде әлеуметті осал адамдардың белгіленген санаттарына бейбіт бітімге келуге мүмкіндік көздейді. Осыған байланысты осыған ұқсас негіздерді (медиация туралы Заңда да) көздеу қажет.

Жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстың аса қауіпті рецидивті түрі алып тасталғанын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңда Қазақстан Республикасының азаматығына қабылдауға және қалпы келтіруге бас тарту үшін негіз ретінде рецидивтің осы түрінің болуына сілтеме жасауды алып тастау қажет.

«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңда ЖІҚ қосымша міндеттерін қылмыстық құқық бұзушылық жасайтын адамдарды анықтауды көздеу қажет, себебі осындай міндеттер іздестіру шаралары (іс-шаралар)  ретінде ҚПК ережелерімен көзделген.

Қылмыстық қаудалау органының талаптарын (келтіру туралы қаулы) дәлелді себептерсіз орындаудан бас тартқан жағдайда жеткізілетін адамға дене күшін және арнайы құралдарды қолдану мүмкіндігін көздей отырып, ҚПК-нің 157-бабын (Келтіру) іске асыру тәртібін белгілеу қажет. Көрсетілген ұстанымды іске асыру «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға толықтырулар енгізуді қажет етеді.

Өзге де

Заң жобасында қылмыстық саясатты одан әрі жетілдіруге, қылмыстық сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, заңдардың нормаларын реттеуде олқылықтардың орнын толтыру және қайшылықтарды жою және редакциялық жақсартуға бағытталған басқа да түзетулер көрсетілуі тиіс.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа даму мүмкіндіктері» Жарлығын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін қылмыстық процесте азаматтардың қорғау деңгейін арттыру, оның ішінде негізсіз қылмыстық қудалаудан және сотаудан, құқық қорғау қызметінің айқындылығын күшейту, дәлелдеу стандарттарын енгізу, қылмыстық процестің артық жазалауды төмендету және оны ізгілендіру, оның ішінде күзетпен ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын қолдану саласын кеңейту, қылмыстық қудалау саласындағы құқық қорғау стандарттарын енгізу және бекіту, қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру, баламалы бас бостандығынан айырумен, оларды орындау тиімділігін арттырумен шараларды қолдану саласын кеңейту, сотқа дейінгі сатыдады және сот қарауы кезеңінде қылмыстық процесте медиацияны қолдану саласын кеңейту мәселелерін пысықтау қажет.

3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары.

Заң жобасының мақсаты қылмыстық құқықтық саясатты одан әрі жетілдіру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, азаматтардың және ұйымдардың заңды мүдделерінің, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық құқық бұзушылықтардан заңмен қорғалатын мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру болып табылады.

4. Заң жобасын реттеу мәні.

Заң жобасын реттеу мәні қылмыстық жауапкершілік өлшемдерін айқындайтын және қылмыстық сот өндірісін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.

5. Заң жобасының құрылымы.

Заң жобасы екі баптан тұрады.

1-баппенҚазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар көзделген:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексі;

4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі;

5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

6. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

7. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

8. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы №353-І Қазақстан Республикасының Заңы;

9. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы;

10. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

2-баппен Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі айқындалады.

6. Тиісті саласындағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері.    

Заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг көрсеткендей Еңбек, Қылмыстық-атқару, кодекстері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Медиация туралы»,  «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігі қарастырылған, себебі оларда қылмыстық процесті жүргізу жөніндегі сұрақтарға қатысты ережелер бар, олар ұсыпып отырылған түзетулермен сәйкес келтіруге жатады.    

7. Заң жобасы қабылданатын жағдайдағы болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдірудің әлеуметтік шарттылығы Қазақстанның заманауи құқықтық мемлекет стандарттарына елеулі түрде алға басуымен, саяси және экономикалық жағдайды, оның ішінде жаһандық ауқымда өзгертумен жазылып қабылданған.

Заңның қабылдануы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің қылмыстық құқық бұзушылықтардан тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді, құқық бұзушылықтар профилактикасын күшейтеді, қылмыстық процестің тиімділігін оңайлатады және арттырады.

8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кезекті) сәйкес келтіру қажеттігі.

Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кезекті) сәйкес келтірудің қажеттілігі жоқ.

9. Заң жобасының мәнін өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттеу.

Қазіргі уақытта Еңбек, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстері, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Медиация туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңдар оларға енгізілген тиісті өзгерістер мен толықтырулармен бірге қолданылады.

10. Қарастырылатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар болуы.

Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мемлекеттердің барлығы дерлік басынан өткізетін үздіксіз және міндетті процесс болып табылады.

Заңнама үлгілендіру барысында жекелеген нормалар сияқты, сонымен қатар бүтіндей құқықтық институттармен де толықтырылады, бұл жеке тәжірибемен және басқа мемлекеттердің де тәжірибесімен орайластырылған.

Шетелдіктерді әкімшілік түрде елден шығарып жіберу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені талдау мынаны көрсетті:

Ресей Федерациясында «Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Федералдық Заңның 34-бабына сәйкес соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету, со актілерінің, өзге органдар мен лауазымды тұлғалардың өзге де актілерін орындау бойынша функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы биліктің федералдық органы немесе оның аумақтық органдары, не шекаралық органдар өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес Ресей Федерациясының шегінен шетелдік азаматты мәжбүрлеп шығарып жіберуді әкімшілік түрде жүзеге асырады және бұл туралы ақпаратты шет ел істерінің мәселелерін жүргізетін атқарушы биліктің федералдық органына, сондай-ақ көші-қон саласындағы атқарушы биліктің федералдық органына жолдайды.

Бұл ретте, Ресей Федерациясының шегінен әкімшілік түрде шығарылып жіберілуі тиіс шетелдік азаматтар соттың шешімі бойынша Ресей Федерациясының шегінен әкімшілік түрде шығарып жіберу туралы шешім орындалғанға дейін қауіпсіздік органдарының арнайы бөлінген үй-жайларында не арнайы мекемелерде ұсталады.

Латвия Республикасында «Иммиграция туралы» Заңның 471-бабына сәйкес шетелдік, егер осындай жаза қылмыс жасағаны үшін қосымша түр ретінде тағайындалған болса, елден мәжбүрлеп шығарылуы тиіс.

Кепілдік институтын кеңейту бөлігінде.

Ресей Федерациясының Қылмыстық-процестік кодексінің ережелеріне (ҚПК-нің 106-бабы) сәйкес кепілмен қамтамасыз етілетін күдіктінің міндеттемелерімен қатар қылмыстық қудалау органына, сотқа келуі бойынша көрсетілген бұлтартпау шарасының қосымша мақсаты – күдіктінің, айыпталушының жаңа қылмыстарды жасауының алдын алу болып табылады.

БеларусьРеспубликасында Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларына сәйкес шетелдік азаматқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаға қатысты осы бұлтартпау шарасын қолданған кезде қылмыстық қудалау органы, сот шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның талап етуі бойынша күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану сәтінен бастап бір тәуліктен кешіктірмей, азаматтың тиесілілігі бойынша мемлекеттің дипломатиялық өкілдігін немесе консулдық мекемесін не күзетпен қамауға алынған шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның әдеттегі тұрғылықты орнын хабардар ету үшін бұл туралы Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хабарлауға міндетті.

Процестік келісім институтын жетілдіру мәселелеріне қатысты.

Украинаның Қылмыстық-процестік кодексінде соттың өзіне келіп түсетін процестік келісімді бекітуден бас тартатын негіздерінің толықтай тізбесі жазылған. ҚПК-нің 474-бабы 7-бөлігінің нормаларына сәйкес, сот келісімді бекітуден бас тартады, егер:

1) келісім шарттары осы Кодекстің және (немесе) Заңның талаптарына қайшы келетін болса, оның ішінде келісім жасау мүмкіндігі көзделгенге қарағанда барыншау ауыр болып табылатын қылмыстық іс-әрекетті дұрыс құқықтық сараламауға жол берілген болса;

2) келісім шарттары қоғамның мүдделеріне сәйкес келмейтін болса;

3) келісім шарттары тараптардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзған болса;

4) келісімнің ерікті түрде жасалғандығын немесе тараптардың бітіспегендігін болжауға болатын дәлелді негіздер болатын болса;

5) айыпталушының келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамау мүмкіндігі айқын болса;

6) кінәлілігін мойындау үшін нақтылы фактілер болмаса.

Соттың азаматтық талап-арыз көлемімен келіспеуі сияқты процестік келісімді бекітуден немесе қайтарудан бас тартуға арналған осындай негіздер Украинаның ҚПК-сімен көзделмеген.

Қайтаруға арналған жоғарыда көрсетілген негіздер сондай-ақ Грузияның да Қылмыстық-процестік кодексінде жоқ (ҚПК-нің 212, 213-баптары).

11. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығыстар

Заң жобасының қабылдануы мемлекеттік бюджеттен шығындар келтірмейді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.