You are here

Қытай сотымен сотталған қазақстандық елге қайтарылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

15 желтоқсан 2017 жыл, Астана. Қытай халық республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қытайда сотталған азаматымызды одан әрі жазасын өтеуді елде жалғастыру бойынша өтінішхаты қанағаттандырды.

2010 жылы Қытай сотының үкімімен отандасымыз есірткі заттарын жасырын тасымалдағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Содан соң оның жаза өтеу мерзімі 18 жылға дейін қысқартылды.

Кейінірек жерлесіміз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына жазасын одан әрі елде өтеу жөніндегі өтініш білдірген.

Бүгін ол Қытайдан Қазақстанға қайтарылды. Қазір ол Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторында. 

Отандасымыздың елге қайтарылуы Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасы  өкіметі арасындағы халықаралық қатынастар аясындағы қол жеткізген келісімдердің негізінде жүзеге асқанын атап өткен жөн.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 (7172) 71 27 66
8 (7172) 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.