You are here

Қазақстан және БАӘ сотталған тұлғаларды беру туралы уағдаласты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Астанада БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары – Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб  Әмірліктерінің арасында Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.

Шартқа Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен БАӘ Әділет министрі Сұлтан бен Саид Әл-Бади қол қойды.

Халықаралық құжат екі ел азаматтарына шет елдегі жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айырылған жағдайда тағайындалған жазаны өз елінде өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сотталған адамдарды азаматтық тиістілігіне қарай  қоғамда қалпына келтіру мен қоғамға қайта ену үшін қолайлы жағдай туғызады.

Бүгінде  қазақстанның 5 азаматы БАӘ жазаларын өтеуде. Олар Шарт ратификацияланғаннан кейін экстрадициялау туралы өтінішхат бере алады.

2009 жылдың 16 наурызынан бастап екі ел арасында қылмыстық істер және тұлғаларды беру бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт қолданыста.

Осы аралықта Қазақстанға араб әмірліктері аумағында жасырынған 9 тұлға берілді, оның ішінде елімізден қыздарды жыныстық пайдалану үшін елден тасыған  А. Ананьев, 50млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған   Р. Найзабай бар.  

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан үшін азаматтардың негізгі құқықтары мен мүдделері қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, қылмыстықлықпен күрес саласында барлық қажетті өзара ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық базасы қалыптасқан Парсы шығанағындағы тағы бір мемлекетке айналды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.