You are here

Қазақстан мен Бразилия өзара құқықтық көмек көрсету туралы уағдаласты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан мен Бразилия  өзара құқықтық көмек көрсету туралы уағдаласты - 775703218

Астанада Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы арасында қылмыстық істер, сотталған адамдарды ұстап беру және тапсыру туралы өзара құқықтық көмек көрсету шарттарына қол қою рәсімі өтті.

Шарттарға Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Бразилия Федеративтік Республикасының Әділет министрі Торкуато Жардим қол қойды.

Аталған халықаралық құжаттар қылмыстылыққа қарсы күресте және азаматтардың құқықтарын қорғауда құқық қорғау органдарының тиімді ынтымақтастығы үшін қажетті құқықтық негізді құруға мүмкіндік береді. Шарттар шеңберінде басқа мемлекеттің аумағындағы қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттерді жүргізуге, іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауға, сондай-ақ басқа мемлекетте бас бостандығынан айыруға сотталған біздің азаматтарымызды жазасын отанында өткеру үшін ауыстыруға болады.

Бразилия Қазақстанда қылмыстылыққа қарсы күрес саласында тиімді ынтымақтастық ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ екі ел азаматтарының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті халықаралық-құқықтық негіз жасалған 20-шы мемлекет және алғашқы америка елі болып табылады.

Қазақстан қылмыстық-құқықтық саладағы: 1992 жылғы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету, 1993 жылғы ұстап беру және 1993 жылғы шетелде қылмыстық жазаны өтеу туралы үш америкааралық конвенцияға 2017 жылдан бастап қосылған алғашқы америкалық емес ел екенін атап өткен жөн.

 

             Бас прокуратураның  баспасөз қызметі            

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.