You are here

Кадрлық тағайындаулар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров ұжымға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Серікбайұлы Мерзадиновты, сондай-ақ Бас әскери прокурор Дастан Шаймерденұлы Сартаевты таныстырды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 3 шілдедегі өкімімен әділет генерал-лейтенанты Е.С. Мерзадинов Академия ректоры қызметіне тағайындалды.

Е.С. Мерзадинов 1958 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы қаласының прокуратура органдарынан бастады. Басшылық лауазымда, соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы және Алматы, Астана қалаларының прокуроры болған.

2002 жылы Ішкі істер министрінің орынбасары,  2005 жылы - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдың мамыр айынан бастап Бас әскери прокурор лауазымында жұмыс істеді.

Заң ғылымдарының кандидаты. І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Президенттік резервте тұрған.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 35 жылдан асады, оның 33 жылы прокуратура органдарында.

***

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Шаймерденұлы Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды.

Д. Сартаев 1959 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды.

2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды.

Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 36 жылды құрайды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.