You are here

Еуропа Кеңесі Қазақстанның заңнаманы ізгілендіру бойынша жетістігін жоғары бағалады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еуропалық Кеңесте (Страсбург қаласы, Франция) «Қазақстан билігіне сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін жақсартуда қолдау көрсету» Еуропалық Кеңестің бағдарламысын іске асыруға арналған ресми  іс- шара өтті.

Іс-шараға Еуропарламент депутаттары, халықаралық құқық қорғаушы ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен әлемдік  БАҚ қатысты.

Қазақстандық делегация Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерінен тұрды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының қылмыстық саясат саласындағы реформалар туралы баяндама тыңдалып, оған Еуропарламент депуттаттары шынайы қызығушылық танытты.

Жалпы, Еуропарламент депутаттары біздің сот төрелігі саласындағы реформаларды қолдап, түрмедегілердің санын төмендету және ұлттық заңнаманы ізгілендіру бойынша қол жеткізген жетістікті, сондай-ақ құқық үстемдігін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қолданып жатқан шараларды жоғары бағалады.

Қатысушылар жақсы перспективалар мен өзара қызығушылықтың арқасында болашақтағы ынтымақтастық бұдан да кең ауқымда жалғасатынына сенім білдірді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.