You are here

Беларусь Республикасы сотталған қазақстандықты жазасын одан әрі өтеу үшін берді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы сотталған азаматымыз Андрей Карпенконы жазасын Қазақстанда одан әрі өтеу үшін беру туралы өтінішхатты қанағаттандырды.

2017 жылы Брест облысы Кобрин ауданының сотымен Карпенко Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып жүргені үшін кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан кейін, сотталған Карпенко Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жазасын одан әрі өтеу үшін оны отанына қайтару жөнінде өтініш жасады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде оның өтінішхатын қанағаттандыру мүмкін болды.

Бүгін Андрей Карпенко Белоруссиядан Қазақстан аумағына этаппен жеткізілді. Ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. 

 

            ҚР  Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.