You are here

Бас прокуратурада Қылмыстық процесті жаңғырту бойынша заңның қолдану тәжірибесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Қылмыстық процесті жаңғырту бойынша заңның қолдану тәжірибесі талқыланды - 423273486

8 қаңтар 2018 жыл, Астана қ. Бүгін Бас прокуратурада ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен жиналыс өтті.

Оның жұмысына Бас Прокурордың орынбасарлары, орталық аппараттың қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы облыс прокурорлары қатысты.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңның (бұдан әрі - Заң) аясында атқарылған бір апталық жұмыстың тәжірибесі мен туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Заң талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жиын өткізілді, облыс прокурорларына Заңды қолдану тәртібі мен жеке құрамды оқыту бойынша Нұсқау жолданды, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленді.

Облыс прокурорларының есебін тыңдаған Қ.Қожамжаров қылмыстық қудалау саласында азаматтардың конституциялық құқығын бұзу фактілеріне жол бермеу керектігін, себебі бұл адамның жеке бас бостандығын шектеумен, ұстау мен қамауға алумен байланысты екендігін атап өтті.

Бас Прокурор: «Прокурор заңдылықтың сақталуының кепілі, өңірлік прокурорларға уақытылы әрекет етулеріңізден азаматтардың қорғалу деңгейі әсер етеді», - деді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.