You are here

«Астана-Алматы» пойызы машинисін ұстау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Бүгін түрлі ақпараттық агенттіктерде «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы локомотивін басқарған машинисті полиция ұстағандығы туралы шындыққа сай келмейтін ақпарат жарияланды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және оның барысында ұстау жүргізілмегендігін ресми түрде хабарлаймыз.

Орын алған теміржол оқиғасына қатысты Инвестициялар және даму министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылды.

Тергеп-тексеру барысы  Бас көлік прокуратурасының бақылауында.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының талаптарына сай шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.

Осыған байланысты ақпарат агенттіктерін материалдарды жариялау барысында уәкілетті органдардың ресми хабарламаларына сілтеме жасауды, сондай-ақ Заңның 19,21 баптарының талаптарына сай бұқаралық ақпарат құралдарында аталған факті бойынша мәліметті теріске шығару туралы ақпарат беруді сұраймыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.