You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Прокуратура Жамбыл облысында рельстен шыққан вагондарға қатысты істі бақылауға алды

2018 жылғы 17 маусымда сағат 13.45-те Жамбыл облысы Шу қаласынан 50 шақырымдық жерде 20 вагоннан құралған "Алматы-Астана" бағытындағы жолаушылар пойызы жолдан шығып кетті.

Жол апаты салдарынан 8 вагон рельстен шығып, екеуі аударылып қалды.

Оқиға себебі анықталуда.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратура заңды сақтауға шакырады

Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды.

Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады.

«ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде.

Пікірлер саны: 0

Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті

Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында негізгі қадағалаушы орган еліміздің прокуратура органдары арасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кубогына арналған волейболдан ведомстволық чемпионат ұйымдастырды.

Жарысқа аумақ бойынша біріктірілген республика прокуратурасының білім беру мекемелерінің, ұйымдарының және аумақтық прокуратураларының 5 құрама командасы қатысты.

Пікірлер саны: 0

Алаяқтық жасаған деп күдіктелуші Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, «Лидер Нефтепродукт KZ» ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді  қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан экстрадициялады.

Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан  аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдіктелінуде.

2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд. теңгені және  83 млн. АҚШ долларын құрайды.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратурада игерілмеген жерлерді қайтару бойынша жиналыс өтті

 Бас прокуратурада игерілмеген жерлерді қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Шара елорданың одан әрі дамуы бойынша 2018 жылғы 5 сәуірде өткен жиналыста Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өтті.

Жиналысқа Астана қаласының прокуроры, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ Қалалық орта сапасын   бақылау басқармасының және Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылары қатысты.

Пікірлер саны: 0

Қарағанды қаласы аудандық прокуратурасының қызметкері ұсталды

        2018 жылғы 16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры   Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін өтемақы алмақ болған.   

 Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

Пікірлер саны: 0

Украинадан экстрадицияланды

Астана, 2018 жылғы 12 мамыр. Бүгін Бас прокуратура қызметкерлерінің Қазақстан Интерполымен бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесінде Украинадан қылмыстық жауаптылыққа тартылу үшін Қайрат Оразбеков экстрадицияланды.   

Астана қаласының ІІД Қ. Оразбековты 2016 жылы алдын ала сөз байласқан топ құрамында ұрлық жасағаны үшін іздестірді. Келтірілген залалдың көлемі 23 млн. тенгеден астам.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратурада Еуропарламент делегациясымен кездесу өтті

Астана, 2018 жылғы 11 мамыр. Бүгін Бас Прокурор   Қайрат Қожамжаров «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы  Ивета Григуле бастаған Еуропа Парламентінің депутаттарымен кездесті.

Шетелдік әріптестерге елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама реформалары, қадағалау органдарының рөлі мен қызметі туралы ақпараттар берілді.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратурада мерекелік жиын өтті

Бас прокуратурада Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Ардагерлер мен прокуратура органдарының қызметкерлерін меркелермен құттықтаған Бас Прокурор прокуратура органдарының Отан қорғаудағы айрықша ролін атап өтті.

Жиында прокуратура органдарының ардагерлеріне ерекше ыстық ықыласты тілектер айтылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бір жарым миллионнан астам қазақстандық иық тіресе ел намысын қорғады. 500-ден астамына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Пікірлер саны: 0

Астанада азаптаудың превенциясы жөніндегі шаралар талқыланды

Астана, 2018 жылғы 27 сәуір. Астанада «Азаптаусыз қоғамға: тәжірибеге  шолу және кейінгі қадамдар» тақырыбында Халықаралық конференция өтті. Шара Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» атты жобасының аясында ұйымдастырылды.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.